Live

Қазақстанда бензин бағасы күрт өспейді – министрлік

Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешевтің мәлімдеуінше, жақын уақытта бензин бағасының күрт қымбаттауы күтілмейді.

Бензин қымбаттайды

Оның айтуынша, қазіргі таңда жанар-жағармай бағасы тұрақты, елде тапшылық жоқ. Қазір шамамен 600 мың тонна бензин қоры бар. 

«Тапшылық болмаған жағдайда баға да көтерілмейді», - деді ол Сенаттағы брифингте.

Сонымен қатар бензин бағасын тек Бәсекелестікті қорғау агенттігі ғана емес, өңірлік штабтар да бақылауда ұстап отыр.

Айта кетейік, 1 сәуірден бастап АИ-92 бензині мен дизель бағасын ұстап тұрған мораторий өз күшін жойған болатын.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз