Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:42, 28 Шілде 2024

Қазақстанды газдандырудың болашағы

газ
Фото: 365info

Қазақстанды газдандыру – халық пен өнеркәсіпті көгілдір отынмен қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды мемлекеттік жоба.

Бұл процесс адамдардың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, ел экономикасының дамуына да септігін тигізеді. Елімізді газдандыру деңгейі адамдардың көгілдір отынға қол жеткізгенін білдіреді. Соңғы жылдары газдандыру көрсеткіштерінің тұрақты өсуі байқалуда, бұл қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетеді. Алдағы жылдары Қазақстанда газдандыруды одан әрі кеңейту жоспарлануда. Ауылдық елді мекендер мен шалғай өңірлерді газдандыруға ерекше көңіл бөлінетін болады. 

Елімізде газдандыру жүйелі түрде іске асырылып келе жатқан процес. Қазақстандағы газдандыру деңгейі 2023 жылдың аяғында 60 пайызды құрады, демек, 12 миллионнан астам адам газға қол жеткізді. Көктемдегі құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметі елді мекендерді газдандыру деңгейін айтарлықтай арттырып, кемінде 1700 шақырым желілерді жаңғыртуға тапсырма берді. Тоқаев бұл инфрақұрылымдық бастамаларды жүзеге асыру кезінде жергілікті бизнес пен отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерін толық пайдалану қажеттігін қадап айтты.

«Бұл 300 мыңнан астам азаматтың көгілдір отынға қол жеткізуін қамтамасыз етеді», - деді президент.

Ал жақында Энергитика министрі Алмасадам Сәтқалиев 1 миллион 400 мың халқы бар Астана қаласының 300 мың адамы газбен қамтамасыз етілу керек екенін айтты. Сонымен бірге, 2025 жылға қарай елордамыз толықтай газдандырылады.

Газдандыруды дамытудың негізгі бағыттары

Жаңа газ құбырларын салу: Жаңа елді мекендер мен өндірістік нысандарды газ желісіне қосу үшін магистральдық және тарату газ құбырлары тартылуда.

Қолданыстағы газ желілерін жаңғырту: олардың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру үшін тозығы жеткен газ желілерін жөндеу және ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Газ жабдығын пайдалануды танымал ету: Тұрғындар арасында газбен жылытуға көшуді ынталандыру мақсатында ақпараттық-ағарту жұмыстары жүргізілуде.

Газ жабдықтарын шығаратын отандық өндірушілерді қолдау: Газ жабдықтарын шығарумен айналысатын отандық кәсіпорындарға мемлекет қолдау көрсетеді.

Қазақстандағы газдандыру жобаларын қаржыландыру

Қазақстанды газдандыру – қомақты қаржылық инвестицияны қажет ететін ауқымды жоба. Мұндай жобаларды қаржыландыру көздері әртүрлі және мемлекеттік және жеке қаражатты қамтиды. Қаражаттың едәуір бөлігі республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінеді. Мемлекет елді мекендерді газбен қамтамасыз ететін магистральдық газ құбырларының құрылысын қаржыландырады, сондай-ақ тұрғындардың тұрғын үйлерді газдандыруға жұмсайтын шығындарының бір бөлігін субсидиялайды. Одан бөлек, газдандыру жобаларын қаржыландыруда «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы басты рөл атқарады. Компания газ тасымалдау жүйесін салуға және жаңғыртуға инвестициялайды. Газдандыруға отандық және шетелдік жеке инвесторлардың қаражаты тартылады. Жеке капитал негізінен елді мекендерде газ тарату құбырлары мен газ желілерін салуға бағытталған. Ірі жобаларды жүзеге асыру үшін Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі және т.б. сияқты халықаралық қаржы институттарынан несие ресурстары тартылады.

Әлемде газдандыру қалай жүзеге асады?

Газдандыру – көптеген елдердің энергетикалық балансында шешуші рөл атқаратын процесс. Ол елді мекендерді, өнеркәсіптік кәсіпорындарды және басқа да нысандарды отынмен қамтамасыз ету үшін табиғи газды жеткізуді көздейді. Газдандыру деңгейі еліміздің дамуы мен энергетикалық тәуелсіздігінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Ең жоғары көрсеткіштер газдандыру айтарлықтай деңгейге жеткен Солтүстік Америка мен Еуропа елдерінде байқалады.

Табиғи газға деген сұраныс оның қоршаған ортаға зиянсыздығы мен жоғары тиімділігіне байланысты дүние жүзінде өсуде. Бұл газ инфрақұрылымын дамытуды және газдандыру географиясын кеңейтуді ынталандырады. Газдандыру парниктік газдар шығарындыларын азайту және экологиялық жағдайды жақсарту жолдарының бірі ретінде қарастырылады. Көптеген елдер табиғи газды таза отын ретінде пайдалануға көшуді ынталандыру үшін бағдарламалар әзірлеуде. Қысқаша айтқанда, газдандыру жаһандық энергетикада маңызды рөл атқарады. Қалыптасқан қиындықтарға қарамастан, газ саласын дамыту перспективалары өте жақсы. Газдандыруды одан әрі кеңейту бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдарды сенімдірек және экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстандағы газдандыру жобаларын қаржыландыру кешенді тәсілді қажет ететін күрделі, көп қырлы процесс. Тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін әртүрлі қаржыландыру көздерін біріктіру, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін жетілдіру және газ саласына инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау қажет.

Тегтер: