Бүгін, 11:02
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты The Ring рейтингінен шеттетілді
Белгілі The Ring журналы өз ресми әлеуметтік желі аккаунтында орта салмақтағы рейтингті жаңартты.
Жарияланымда Әлімханұлы допинг дауына байланысты уақытша шеттетілгендіктен рейтинг өзгергені көрсетілген.
Қазақстандық боксшы бұрын №1 орында болса, оның рейтингтен шығарылуынан кейін барлық боксшылар бір сатыға жоғарылады, ал Хесус Рамос кіші 10-орынға көтерілді.
Еске салайық, Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ресми түрде Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткенін растаған және тергеу басталған.