Қазақстандық боксшылар Астанада өткен Әлем кубогінде топ жарды

Астанада өткен бокстан Әлем кубогінде қазақстандық спортшылар жеңіске жетті. Жерлестеріміз үш бірдей алтын, тағы бір күміс жүлде иеленді.
48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Назым Қызайбай алтын медаль жеңіп алып, жанкүйерлерін қуантты. Қазақстандық боксшы финалда өз қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, әлемдік аренадағы мәртебесін тағы бір дәлелдеді.
Ал 55 келі салмақта сынға түскен Махмұд Сабырхан финалдық жекпе-жекке шықпастан Кубок иегері атанды. Оның қарсыласы, жапониялық Руи Ямагучи, жарақатына байланысты шешуші кездесуге қатыса алмады.
85 келі салмақта Бекзад Нұрдәулетов те өз салмағында чемпион атанды. Финалдық жекпе-жекте қарсыласын сенімді жеңіп, Қазақстан қоржынына тағы бір алтын салды.
Сонымен қатар, 80 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Нұрбек Оралбай күміс жүлдеге ие болды.