12:48, 07 Қазан 2023
Қазақстандық спортшы Азия ойындарында күміс медаль алды
Бұл 19-күміс жүлде
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында ел қоржынына күміс медаль түсті.
Бүгін қазақстандық Анастасия Ананьева слаломда ескек есуден (119,29) күміс медаль алды. Бірінші орын қытайлық Цзюань Хуанға (107.71) бұйырды, жапониялық Харуки Оказаки (119,59) қола жүлде иеленді.
19-жастағы Анастасия Ананьева 2022 жылы Таиландтың Паттайя қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған.
Біздің спортшылар қазірге дейін жалпы 69 медаль алды. Оның ішінде 9 алтын, 19 күміс, 42 қола медаль бар.