Қазақстандық тағы бір компания АҚШ санкциясына ілінді
Айтуларынша, бұл компания Uzstanex-пен бірге Ресейге заманауи станоктарды жеткізу схемасына қатысады. Болжам бойынша, ол тауарды Еуропадан алып, Ресейге Қытай арқылы жеткізген.
Kompra.kz хабарлағандай, компания басшысы Василий Абрамов. Оның атына Kazstanex атауымен екі жеке кәсіпкер тіркелген. Компания заңды түрде Алматы қаласында орналасқан. 2011 жылы құрылған. Компания көтерме саудамен айналысатыны көрсетілген. 2015 жылдан бері 1,1 млрд теңге төлеген.
2017 жылы Kazstanex бисер тігу машинасын жеткізген кезде мемлекеттік сатып алуға заңсыз қатысушы деп танылған. 2022 жылы компания қайтадан мемлекеттік сатып алудың заңсыз қатысушысы деп танылып, оған қосымша 497 мың теңге айыппұл салынды.
Тізімге барлығы Ресейдің әскери-өнеркәсіп кешенінен 150-ден астам және Қытайдан 50 компания қосылды.