10:17, 12 Желтоқсан 2023
Енді қазақстандықтар несиеден өз еркімен бас тарта алады
Мемлекет басшысы несиеден өз еркімен бас тартуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Сонымен қоса, «Электронды үкімет» арқылы кредит алу мүмкіндігі бұғатталды. Депутаттардың айтуынша, бұл заңның негізгі мақсаты – Қазақстан азаматтарын кибералаяқтардан қорғау
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, - деп жазылған хабарламада.
Ерікті бас тарту туралы ақпарат қарыздарды мақұлдау кезінде ескеріледі. Бұл үшінші тұлғалардың банктік қарыздар мен микрокредиттер алуына жол бермейді.