Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:14, 19 Ақпан 2024

Қазақстандықтар жұмыста әріптестерімен бас қосқаны үшін айыппұл төлейтін болады

айыппұл
Фото: из открытых источников

Әріптестермен жұмыс орнында туған күн немесе қызмет бойынша жоғарылауды атап өту кезінде алкоголь тұтынған жағдайда айыппұл салу, тіпті әкімшілік қамауға алу болуы мүмкін.

Қазақстанда ішімдік ішу немесе мас күйде қоғамдық орындарға шығу әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатыны белгілі. Ал қазақстандықтар жұмыс істейтін ұйымдар мен кәсіпорындардың көпшілігі қоғамдық орындар анықтамасына жатады.

Бұл ретте, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабына сәйкес, "Алкогольдік ішімдіктерді сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда ішу, онда алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға жергілікті атқарушы орган рұқсат берген немесе қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық адамгершілікке нұқсан келтіретін мас күйде жүру бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады" (2024 жылы 18 460 теңге - еск.).

Егер бұл әрекеттер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, онда бұл он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2024 жылы 36 920 теңге - еск.) айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

"Бұл ретте, осы бап бойынша әкімшілік іс қозғау үшін жеке немесе заңды тұлғаның арызы талап етілмейді", - деп түсіндірді ІІМ.

Бұл полицейлер қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктерді ішіп, мас күйде жүру дерегі бойынша хаттама толтыра алады дегенді білдіреді.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады Белгілі болғандай, Қазақстанда алкогольді ішімдіктерді ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарға шығу әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. Ал, қазақстандықтар жұмыс істейтін ұйымдар мен кәсіпорындардың көпшілігі қоғамдық орындар ұғымына жатады.