Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:01, 01 Шілде 2024

Қазақстанға алты айда шетелден 63 млрд теңге қайтарылды

в
Фото: pixabay

ҚР Бас прокуратурасы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, шетелден 63 млрд теңге қайтарылғанын мәлімдеді.

Активтерді қайтару бойынша мемлекетке 312 млрд теңге, оның ішінде шетелден – 63 млрд теңге қайтарылды. 50 млрд теңгеге 513 мың гектар олигополия жері тәркіленді, делінген хабарламада.

Аталған кезеңде прокуратура органдары балаларды қорғау, білім беру, денсаулық сақтау және ел басшылығының бақылауындағы басқа да әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша шаралар қабылдай отырып, тексерулер мен талдауларды аяқтаған.