Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:35, 25 Қараша 2023

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті

Ақжол Мейірбеков
Фото: из открытых источников

Әнші, музыкант, “Дос-Мұқасан” ансамблінің солисті Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті.

Әнші 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 1978 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданады да, 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», "Сазген", "Адырна" ансамбльдерінде ән салған. Әнші 1994-1996 жылдары "Гүлдер" ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды.

Ал 2001 жылы "Ақжол" ән-театрын құрды. Музыкант 2010 жылы қайтадан "Дос-Мұқасан" тобына оралып, осы күнге дейін ансамблдің әншісі болды.

Ол Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, құрмет орденінің иегері және ерен еңбегі үшін медалінің иегері атағына ие.

Мейірбеков Шарипа ханымға үйленіп, сол некесінен 1 қыз, 2 ұл сүйді. Луиза, Сұлтан және Тимур есімді балаларынан 8 немере мен 1 шөбере көрді.