Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:37

Қазақстанның сауда орталықтарында жаңа Конституция мен референдумға арналған баннерлер пайда болды

Конституция
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның бірқатар сауда-ойын-сауық орталықтарында жаңа Конституция мен алдағы республикалық референдумға арналған баннерлер пайда болды.

 Онда дауыс беруге қатысуға шақырулар, сондай-ақ Негізгі заңды жаңарту жөніндегі шешімдерді қабылдауда азаматтардың қатысуының маңыздылығын айқындайтын негізгі тұжырымдар орналастырылған. 

Тілшілердің байқауынша, баннерлер адам көп шоғырланатын аймақтарға – кіреберістерге, орталық галереяларға және эскалаторлардың маңына орналастырылған. Безендірілуі ресми стильде жасалған: мемлекеттік рәміздер элементтері, науқанның фирмалық түстері және жаңа Конституция мен республикалық референдум тақырыбына назар аударатын қысқа ұрандар қолданылған.

Материалдардың бір бөлігінде егжей-тегжейлі мәтіндік ақпарат берілсе, енді бірінде енгізілетін өзгерістердің мәні мен дауыс беру тәртібі туралы түсіндірмелер жарияланған сайттарға апаратын QR-кодтар мен визуалды слогандар ұсынылған. Сонымен қатар, электроника дүкендерінде теледидарлар мен ноутбуктердің экрандарына Конституция мен референдум туралы ақпараттық заставкалар орналастырылған. Бұған дейін үгіт-насихат науқандарында мұндай технологиялар қолданылмаған.

Осылайша, сауда-ойын-сауық орталықтары азаматтарға референдумның жақындап қалғанын еске салатын және таңдау жасамас бұрын материалдармен танысуға мүмкіндік беретін алаңдардың біріне айналуда.

Редакция қоғамдық кеңістіктерді бақылауды жалғастырып, осындай үгіт материалдары тағы қай жерлерде пайда болатынын және дауыс беру қарсаңында ақпараттық науқанның қаншалықты белсенді жүргізіліп жатқанын қадағалайтын болады.

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді. Дауыс беруге азаматтардың жаңа Негізгі заң жобасын қолдау-қолдамауы туралы мәселе шығарылады. Аталған жоба бұған дейін жалпы жұртшылықтың танысуы үшін жарияланған.

Тегтер: