14:02, 28 Қараша 2023
Қазақтарды маймылға теңеген астаналық 4 жылға сотталды
Астана соты Наталья Свириденконы «әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға түрмеге кесті, деп жазады Zhasalash.kz.
Свириденко 7 тамыз күні Tik-Tok желісінде қазақтарға тіл тигізіп, “бір-біріңді өлтіріп тастаңдар” деген. Мұнымен қоса, ол қазақтардың маймылға теңеп, “Қанды Қаңтар қырғыны кезінде Алматы мен Жаңаөзенде болған оқиғаларға өздерің жауаптысыңдар” деді.
Сотталушы сотта кінәсін толық мойындады.