Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:03, 02 Желтоқсан 2024

"Қазақтелеком" филиалының бас директоры мен қызметкерлері қамауға алынды

Қазақтелеком
Фото: Қазақтелеком

«Қазақтелеком» АҚ филиалының бас директоры мен бірқатар қызметкерлері өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша басқармасы ұлттық компанияның жылжымайтын мүлік портфелін басқаруға жауапты бөлімшенің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Филиалдың бас директоры мен бірқатар қызметкерлері  мемлекет мүддесіне қайшы келетін және Тараз қаласындағы компанияның әкімшілік ғимаратын қасақана сатып жіберген деген күдікке ілінді. Олардың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 450 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген», - делінген хабарламада.

Келтірілген шығынның орнын толтыру мақсатында ғимаратты пайдалануға тыйым салынды. Күдіктілер сот шешімімен қамауға алынды.

Тегтер: