Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:41

«Қазақтелеком» қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етті

1
Фото: Бейнежазбадан скриншот (жасанды интеллектпен жақсартылған)

Ақтаудағы «Қазақтелеком» филиалының инженерлері, техниктері мен монтажшылары компания басшылығына видеоүндеу жолдап, жалақыны қайта қарауды сұрады.

Бұл туралы Lada.kz жазды.

«Қазір инфляция өте жоғары, қарапайым жұмысшыларға отбасын асырау қиын. Біздің жалақымыз қымбаттаған азық-түлік пен коммуналдық төлемдерді өтеуге жетпейді», - дейді қызметкерлер.

Олардың айтуынша, компанияның топ-менеджерлері 10 айлық көлемінде сыйақы алған, ал қатардағы мамандарға бар болғаны 20 мың теңге ғана берілген.

«Бұл ашық әділетсіздік және біздің еңбегімізді бағаламау деп түсінеміз», - делінген үндеуде.

Қызметкерлер компания басшылығынан негізгі техникалық және өндірістік жұмысты атқаратын мамандардың еңбекақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Тегтер: