Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:27, 15 Қыркүйек 2019

Кебісбаевтың үшінші қоласы

Грек-рим күресіненАлмат КЕБІСБАЕВ Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының қолажүлдегері атанды.

Бұл туралы «Жас АЛАШ»сайты хабарлайды.

63 келіде өнеркөрсетіп жүрген Кебісбаев қола жүлде үшін кездесуде қырғыз балуаны ТынарШАРШЕНБЕКОВТЕН басым түсті. Алматы жартылай финалға дейін алқынбай жеткен еді.Алайда, финалға бір қадам қалғанда олимпиада ойындарының күміс жүлдегері СинобуОТАҒА жеңіліп қалды. Дәл осы жапондық спортшыға Рио олимпиадасында да есежіберген.

Отыз екі жастағықазақ балуаны бұған дейін де әлем чемпионаттарының жүлдегері және Азия чемпионыатанған еді. Мәскеу және Лас-Вегаста өткен әлем чемпионаттарында қола жүлдеұтып алған. 2011 Стамбулда өткен әлем біріншілігінде финалға дейін жетіп, күмісмедаль иегері атанды. Алмат өкінішке қарай сол кезде ирандық балуан Омид НОРУЗИДЕНжеңілді.  

Фото: olympic.kz

Тегтер: