Кеденшілер мен полицейлер 10 жыл арқалап кетті
Осы аптадаШымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Түркістаноблыстық мемлекеттік кірісдепартаментінің, облыстық кедендік бақылау басқармасының және бірнеше кедендікбақылау бекеттерінің лауазымды қызметкерлеріне үкім шығарды.
Осылайша 12кеденші мен үш азамат бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға кесілді. Сот біркеденшіні ғана ақтады.
2018 жылдың ақпан айында күштік құрылымдареліміздің бірнеше өңірінде кедендегі контрабандаға, сыбайлас жемқорлыққа қатыстыарнайы операция жүргізді. Соның барысында сегіз ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленіп,олардың 30-дан астам мүшесі ұсталды. Арасында Қырғызстан жоғарғы кеңесініңдепутаты да бары белгілі болған еді. Бас бостандығынан айырылғандардың барлығыосы операция кезінде және одан кейін ұсталғандар. Тергеу мен сот екі жылғасозылды. Айта кетері, сотталушылардың басым бөлігі өз кінәсін мойындап, қылмыстың ашылуына көмек көрсетіпті.
Бізге осы істің мән-жайын түсіндірген судья ӘбинұрҚарабаевтың айтуынша, 2017-18 жылдары қазақ-өзбек шекарасындағы «Қапланбек», «Қазығұрт»,«Сарыағаш станциясы» бекеттерінде кеденшілер кәсіпкерлердің тауарын өткізбеу үшінқасақана кедергі жасаған. Бұған төзбеген кәсіпкерлер олардың жоғарыдағыбасшыларына шығуға мәжбүр болған. Ал басшылар тауарларды кеденнен кідіріссіз өткізудіңставкасын белгілеген. Бизнесмендер шетелге шығарылатын көкөніс пен жемістің әр вагонына немесе жүк көлігіне300-800 АҚШ долларын, Ресейден Өзбекстанға ағаш материалдарын тасымалдау үшін10 мың теңгеден 200 долларға дейін, халық тұтыну тауарларын экспортқа шығару үшін10 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін пара беруге мәжбүр болған. Қылмыстық ісбойынша берілген параның жалпы көлемі 377 миллион теңгеден асады.
Сот үкімімен бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облыстықмемлекеттік кіріс департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған НұржанТеңлібаев бірнеше мәрте ірі мөлшерде пара алу айыбы бойынша, «Қапланбек» кеденбекетінің басшысы болып істеген Еркін Байсапаров аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылаубасқармасының басшысы Сейітжан Ештаев, «Қазығұрт»кеден бекетінің басшысы Нұрлан Оспанов ірі мөлшерде бірнеше мәрте пара алғаны үшінкінәлі деп танылды. Сот олардың тергеу барысында басқа қылмыстарды әшкерелеугебелсенді көмек көрсеткені үшін төрт жылға бас бостандықтарынан айырды. «Сарыағашстанциясы» кеден бекетінің басшысы Әнуар Жұмабаев және осы кеден бекетінің басмамандары Т.Табылдиев және Қ.Ізтілеу, «Қапланбек» кеден бекетінің бас маманы А.Бекжанов,А.Әбілдабеков, Б.Жұмағұлов – 7 жылға, «Қапланбек» кеден бекетінің бас маманы С.Қалекеев– 4 жылға, «Сарыағаш станциясы» кеден бекетінің бас маманы Н.Асқарбеков 4,5 жылғасотталды. Кеденшілер кәсіпкерлерден параны ортадағы делдал арқылы алып отырған.Осы жұмыстарды атқарған үш азамат біржылдан төрт жылға дейінгі бас бостандықтарынан айыру жазаларына кесілді. Бірақолар жазасын тергеу, сот барысында қамауда отырған мерзімімен өтеп қойғандықтан,сот залынан босатылды.
Нұржан Теңлібаевкеден саласында ұзақ жыл басшылық қызметтер атқарған. Ол ұсталғаннан кейінмемлекеттік кіріс саласында бірқатар лауазымды басшылар отставкаға кетті.
Жалпы, оңтүстікте құзырлы орган қызметкерлерініңтоп-тобымен ұсталып, сотталуы бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Былтыр жыл соңындаШымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты облыстықішкі істер департаментіне қарасты тіркеу-емтихан бөлімдерінде істегенполицейлерге және оларға делдалдық қызметкөрсеткендерге – бас-аяғы 38 азаматқа үкім шығарған болатын.
Сотталушылардың дені 2016 жылдың жазында құзырлыоргандардың жүргізген арнайы операциясы барысында ұсталған. Операция кезінде кейбір полицейлердіңкабинетін ішінен құлыптап алып, айғақтық заттар-құжаттар мен ақшаларды өртепжібергені айтылды. Тергеу кезінде анықталғандай, тіркеу-емтихан бөлімінің қызметкерлерішетелден жеткізілген жүк көліктеріне бұрын түрлі себептермен жарамсыз болып қалғанкөліктердің құжатын рәсімдеген. Нәтижесінде бюджет көлік рәсімдеуден түсуі тиіссалықтан қағылған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі миллиардтаған теңгені құрайды.Жүздеген томнан тұратын іс бойынша бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкіістер департаменті тіркеу-емтихан бөлімінің бастығы А.Жаппаров, ауданаралықтіркеу-емтихан бөлімшелерінің басшылары Н.Қуанышбеков, С.Ағабеков, М.Төрегелдиев,Н.Әбдіғаниев, А.Ботабеков, А.Жаңабаев 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Тіркеу-емтихан бөлімініңауданаралық бөлімшелерінің 15 автокөлік инспекторына, жедел криминалистика басқармасыныңүш криминалист маманына және олардың 13 сыбайласына түрлі мерзімге бас бостандықтарынан айыру жәнебас бостандықтарын шектеу жазалары тағайындалды.
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ
Шымкент қаласы