Келесі жылдан бастап Қазақстанда суармалы су қаншаға қымбаттайды?

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап суармалы судың тарифі бір текше метрге бір теңгеге көтеріледі, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Бұл туралы Мәжілісте өткен брифингте Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті.
Министр Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлерге субсидия беруді жалғастыратынын баса айтты.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы суармалы суды 50%-дан 85%-ға дейін субсидиялау бағдарламасы бар. Шаруа қожалықтарының суару суын мемлекет субсидиялайды. Демек, егер фермерлер ылғал үнемдейтін технологияларды қолданатын болса, сәйкесінше, мұндай технологияларды пайдаланбайтындарға қарағанда субсидиялар артады», - деді.
Суармалы су тарифінің көтерілуіне байланысты «Қазводхоз» қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өседі, деп қосты Нұржан Нұржігітов.