Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:45, 04 Ақпан 2022

Кеншілер неге өкпелі?

None
None

 Абай шахтасында қайғылы жағдай орын алып, кеншілер наразы болған соң, билік келісім комиссиясын құрып, уәдені үйіп төккен еді.

«Жарылқаймыз» деген уәденің бірі кеншілер мен металлургтерге 5 пайызбен ипотека рәсімдеуге мүмкіндік беру болатын-ды.

Алайда бұл жеңілдікке кеншілердің барлығының бірдей қолдары жетпейді. «Патриот Қарағанды» инстаграм парақшасында жарияланған мәлімет бойынша осы мәселені көтеріп, талай кенші шағымданыпты.

– Өзім жақында ғана үйленген едім, өз пәтерім жоқ. Қазақстан шахтасындағы кәсіподаққа келіп, «Отбасы банктен» жеңілдікпен ипотека рәсімдеу үшін өтініш жазғым келетінін айттым. Алайда, маған бұл жерде «әуре болмаңыз, бұл несиені алу үшін бір кен орнынан үш төрт адам ғана өтініш білдіре алады, сіз тізімде жоқсыз», – деді. Бүкіл БАҚ-нан кеншілер жеңілдетілген несие рәсімдей алады деп хабарлаған болатын. Алайда іс жүзінде бұған барлығының қолы жете бермейді екен. Маған басқа бағдарламамен үй ал деді, – дейді шахтаның кеншісі.

«Қорғау» көміршілер кәсіподағының мәліметінше, осы жылға жеңілдетілген несиемен үй алуға 1 миллиард қана ақша бөлінген. Барлық кеншіні мұндай мүмкіндікпен қамтудың реті келмегендіктен, комиссия мүшелері көпбалалы бар кеншілер мен толық емес отбасыларға бірінші кезекте басымдық беруде екен. Облыс әкімдігі 5 пайызбен несие рәсімдетуге 5 миллиард теңгені Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран, Абай қалаларындағы кеншілерге бөліпті. Енді бұл «айдалада алтын бар, барсаң бақыр да жоқ» дегенге ұқсап тұр.  Кеншілер «босқа үміттеніппіз» деп, бір күрсініп алды. Алғашқыда бұл жеңілдікке барлығының бірдей қолы жетпейтінін ашық айту керек еді, дейді өкпелі кеншілер.

Тегтер: