Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:00

Ким Чен Ын 13 жасар қызы Ким Чжу Э-ны елдің ядролық күштерінің басшысы етіп тағайындады

Ким Чен Ын мен Ким Джу Эн
Фото: KCNA via REUTERS

Әлемдік БАҚ-тың хабарлауынша, 24 ақпанда бұл тағайындау жасалған.

 Оңтүстік Корея баспасөзі барлау деректеріне сілтеме жасап, Ким Чжу Э-ның елдің зымыран жүйесінің бас директорына айналғанын жазады.

Ким Чен Ынның қызы жиі оның ықтимал мұрагері ретінде аталады. Бұл қадам қызға әскери шешімдер қабылдауға қатысуға мүмкіндік береді. Яғни, 13 жасында ол елдің стратегиялық қаруларына қатысты нұсқаулар бере алады, ал генералдар оған есеп береді.

Баспасөз Ким Чжу Э елдің саяси өмірінде барған сайын көрнекті рөл атқара бастайтынын атап өтеді.

2025 жылғы қыркүйекте қыз алғаш рет әкесінің Қытайға жасаған сапарына бірге барған болатын.

Тегтер: