Ким Чен Ынның қызы билікке келуге дайындалып жатыр
Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметі Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның кәмелетке толмаған қызы оның ықтимал мұрагері ретінде қарастырылып жатқаны туралы «сенімді барлау мәліметтеріне» ие екенін мәлімдеді. Бұл туралы Оңтүстік Корея парламентшілері арнайы қызметтің жабық брифингінен кейін хабарлады.
Reuters және Associated Press агенттіктерінің мәліметінше, Ким Чжу Э шамамен 13 жаста.
Соңғы кездері Солтүстік Кореяның мемлекеттік БАҚ-тарында қыздың танк ішінде отырған немесе қару ұстаған кадрлары жиі жариялана бастады. Сарапшылар мұны КХДР-дегі әйел мұрагерге қатысты болуы мүмкін күмән мен скепсисті сейілтуге бағытталған науқан деп санайды.
Бір жыл ішінде мемлекеттік БАҚ-тарда Ким Чжу Э-ге "Сүйікті бала", "Құрметті бала", "Таңғы жұлдыз генералы", "Ұлы басшы тұлға" атары берілген. Лидс және Эдинбург университеттерінің оқытушысы Роберт Уинстенли-Честерстің айтуынша, мұндай титулдардың берілуі оның Пэктусан әулетінің (корейлердің қасиетті тауы) заңды мұрагері екенін айғақтайды.
Ким Чжу Э-нің көпшілік алдына шығуы Солтүстік Корея үшін мүлдем тән емес құбылыс. Мысалы, бұрынғы басшы Ким Чен Ир жеке өмірін жасырын ұстаған, ал Ким Чен Ын билікке келер алдында ғана ересек кезінде көріне бастаған еді. Ал Чжу Э 9-10 жасынан бастап әкесін тек маңызды саяси және әскери іс-шараларда сүйемелдеп жүр.