Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:01, 24 Шілде 2023

Кино тарихында ең жоғары гонорар алған актер белгілі болды

None
None

Дуэйн Джонсон фильмде гонорар алу бойынша Уилл Смит пен кіші Роберт Дауниді басып озды.

 Red One фильміне түскені үшін актер 50 миллион доллар табыс тапты. Бұл туралы The Direct жазды.

Басылымның хабарлауынша, бұған дейін актердің ең жоғары гонорары екі есе аз болған.  Jumanji: Welcome to the Jungle және   Red Notice фильмдері үшін ол 23 миллион доллар, Black Adam фильмі үшін 22,5 миллион доллар, Fast & Furious Presents: Hobbs & Shaw фильмінің түсірілімінде 20 миллион доллар табыс тапқан.

Кейінгі онжылдықта Джонсон Голливудтың ең табысты актерлерінің біріне айналды. Оның фильмдері дүние жүзінде 12,5 миллиард доллардан астам қаржы жинаған. Ал  Red One фильміндегі рөлі үшін 50 миллион доллар гонорары кинодағы прокат тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Осылайша Дуэйн Джонсон Captain America: Civil War фильмінен 40 миллион доллар табыс тапқан кіші Роберт Дауни мен King Richard фильмінен осыншама ақша алған Уилл Смиттен асып түскен.

Amazon студиясының Red One экшн-комедиясының  режиссері Джейк Касдан. Фильмде сонымен қатар Крис Эванс, Кирнан Шипка, Люси Лю және Бонни Хант ойнайды. Премьераның сюжеті мен күні әзірге жарияланбады.

Direct тарихтағы басқа ең көп гонорарларды тізіп шықты:

  • Джонни Депп — Pirates of the Caribbean: On Stranger Tides, 35 миллион доллар
  • Киану Ривз —  The Matrix Revolutions, The Matrix Reloaded, әрқайсысы 30 миллион доллар;
  • Мел Гибсон -Lethal Weapon 4, 30 миллион доллар;
  • Леонардо Ди Каприо —  Don't Look Up, 30 миллион доллар;
  • Леонардо Ди Каприо — Killers of the Flower Moon, 30 миллион доллар;
  • Арнольд Шварцнеггер – Terminator 3: Rise of the Machines, 29,2 миллион доллар;
  • Кіші Роберт Дауни — Avengers: Endgame, 20 миллион доллар.
Тегтер: