Қырғыз көкпаршылары Қазақстан құрамасын реванш өткізуге шақырды
Қырғызстанның Көк бөрі федерациясы қазақ спортшыларын 1 қарашада Ыстықкөл жағасында Одақ кубогын өткізуге шақырды. Бұл туралы аталған федерацияның басшысы Рамис Жүнісалиев айтты.
«Даулы мәселелерді жою үшін біз қазақстандық тарапқа реванш өткізуді ұсынамыз. «Бірлік» жарысына көршілес елдердің спортшыларын шақырамыз», - деді ол.
Ұсыныс Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы спорттық қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ әділ ойынды қамтамасыз етуге бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада (Қазақстан) өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар турнирінің финалында төбелес шығып, кездесу тоқтатылды. Бірінші таймның 13-минутында Қырғызстан құрамасы есепті 3:1 өз пайдасына шешті.
Қазақстан Республикасы құрамасының ойыншысы Ұлан Байтөреев қырғыз ойыншысы Кубанычбек Сұлтанды қамшымен ұрып жіберген. Осыдан кейін спортшылар арасында дау туындады.