Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:03, 23 Қаңтар 2024

Қырғызстан мен Қытай шекарасында тағы жер сілкінді

жер
Фото: из открытых источников

Сейсмика станциялар желісі жер сілкінісін 23 қаңтарда сағат 7:18-де тіркеді. Эпицентр Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 5,5 болды. Ол бес шақырым тереңдікте тіркелген. 

Түнде сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия түн ортасынан кейін Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған жер сілкінісінің кейінгі дүмпулері басылғанын хабарлады. Ал Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының сейсмологиялық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы «Алматыда жуық арада жер сілкінбейді» деп сендіреді.

Айта кетсек, бұған дейін де жерасты дүмпуі таңғы сағат 5.19-да Қырғызстан мен Қытай шекарасында болып, Алматыда 2 балл сезілген.

Еске салайық, 23 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 00:09-да (қайталанып Алматыда сағат 00:42-де - 2 баллдық және 01:36-да сезілмей) болған жер сілкінісі еліміздің үш қаласы мен үш облысында сезілген.