Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:12

Қырғызстан президенті Жапаров сотталған 11 журналист туралы айтты

ц
Фото: Kabar.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Кабар» агенттігіне берген кезекті сұхбатында елдегі сөз бостандығы және сотталған 11 журналист туралы айтты.

«Он бір журналистке келсек. Олардың екеуі ғана журналист. Қалғандары 11-сынып білімі бар екенін айтты. Сол кісілердің өздеріне азғантай ақша төлеп, әлеуметтік желіге салып, халықты дүрбелеңге шақыратын жалған ақпарат пен жалған материалдар таратқанын қалай жоққа шығарсын. Мен оны тағы бір рет қайталаймын: Өтірік және арандатушы ақпарат сөз бостандығына жатпайды», - деді Жапаров.

Бұл президент Садыр Жапаровтың халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығына бірінші рет жауап беруі емес. Ол бұған дейін агенттікке берген сұхбатында ұсталған журналистерді «кәсіби журналистер емес» деп атаған.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстандық Temirov Live басылымының бұрынғы және қазіргі 11 журналисіне ҚР ҚК 278-бабы «Жаппай тәртіпсіздікке шақыру» бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Оларға қатысты сот отырысы 10 қазанға шегерілгені белгілі болды.

Тегтер: