Бүгін, 17:54
Қырғызстанда парламенттің жаңа спикері сайланды
Қырғызстан Жогорку Кеңешінің жаңа төрағасы (тораға) болып депутат Марлен Маматалиев сайланды.
Марлен Маматалиевтің кандидатурасын парламенттегі «Ала-Тоо» және «Элдик» депутаттық топтары ұсынған.
Дауыс беру қорытындысы бойынша:
-
83 депутаттың 77-сі қолдады,
-
5 депутат қарсы дауыс берді.
12 ақпанда парламент отырысында бұрынғы тораға Нурланбек Тургунбек уулу өз еркімен қызметінен кеткенін жариялаған болатын.
Бұған дейін Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ГКНБ) басшылық құрамында ауқымды өзгерістер болғаны хабарланған.
Сондай-ақ:
-
Президент жанынан Мемлекеттік күзет қызметі құрылды;
-
Шекара қызметі ГКНБ құрамынан шығарылып, дербес құрылым – Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметі болып қайта ұйымдастырылды.