Қырғызстанда сел жүріп аурухананы басып қалды
Қырғызстанның Арстанбап округінде тасқын су 23 автокөлікті ағызып, үйлерді, ғимараттар мен көпірлерді басып қалған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 23 шілде күні сағат 20:50-де Жалал-Абад облысы Базар-Қоргон ауданы Арстанбап ауылында су бір аурухана мен сауда үйін, бес көпірді, бір шақырым ішкі жолды басып қалған.
Сонымен қатар, 23 көлікті су шайып кеткені белгілі болды.
«Арстанбап ауылынан 4 экскаватор, 2 жүк тиегіш, 1 самосвал, Жалал-Абад қалалық No20 өрт сөндіру бөлімінен 32 құтқарушы, 2 мотопомпа, Созақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен 9 құтқарушы, Ноокен аудандық бөлімінен 2 мотопомпа, Ноокен аудандық бөлімінен 6 құтқарушы, Базар-22 құтқарушы, 1 мотопомпа, барлығы 77 құтқарушы, Қорған аудандық бөлімінен 7 мотопомпа тартылды. Қосымша ақпарат беріледі», - делінген хабарламада.
Әлеуметтік желіде тараған видеоларда тасқын су кейбір көліктерді шайып жатқанын байқауға болады.