Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:30, 16 Сәуір 2024

Қырым мигранттардың жұмысына шектеулер енгізді

в
Фото: из открытых источников

Ресейдің он бірінші облысы мигранттардың жұмысына шектеулер енгізді.

Қырым биыл экономикалық қызметтің 35 түрі бойынша мигранттарды жұмысқа алуға тыйым салды, деп жазады The Moscow Times.

Мигранттарды, атап айтқанда, егін және мал шаруашылығы салаларында, тамақ өнімдерін өндіруде, электр қуатымен, газбен және бумен қамтамасыз ету, қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату, көтерме және бөлшек саудада (автокөлік саудасынан басқа) жұмысқа қабылдауға тыйым салынады. Сонымен қатар, білім және мәдениет салаларында да жұмыс істеуге тыйым салынбақ.

Аймақ «басшысы» Сергей Аксенов өзінің телеграм-каналында Қырым мен Ресей аумағында еңбек мигранттарының бақылаусыз болуы жалпыға бірдей жол берілмейтінін мәлімдеді.

«Еңбек көші-қоны бақылауды күшейтіп, заң бұзғандардың Ресейден қуылуына кепілдік беру керек», - деп жазды ол.

Фото: Pixabay

Тегтер: