Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:50

“Қырым - Ресейге”: Трамптың соңғы ұсынысында не айтылды?

Ресей және Украина
Фото: zhasalash.kz

АҚШ Парижде Украинаға бейбіт келісім жоспарын ұсынды, бірақ Қырым мәселесі даулы күйінде қалып отыр.

Ақ үйдің айтуынша, егер тараптар жақын арада мәмілеге келмесе, АҚШ келіссөзден бас тартуға дайын.

Ресей президенті Владимир Путин соғыс қимылдарын тоқтатып, бейбіт келісімге келуге әзір екенін білдірді. Алайда АҚШ ұсынған жоспардың барлық тармақтарын Кремль қолдай бермейді.

Атап айтқанда, Мәскеу Еуропалық бітімгерлердің Украина аумағында орналасуына қарсы. Бұл ұсыныс Батыс елдерінің келісім жобасында маңызды элементтердің бірі саналады. Ресей тарабы мұны елдің қауіпсіздігіне төнетін қауіп ретінде қабылдап отыр.

АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен әзірленген бейбіт келісім жобасында Ресей мен Украина үшін қарастырылған шарттар жария болды.

Ресейге ұсынылатын негізгі жеңілдіктер:

  • Қырымды Ресейдің заңды территориясы ретінде АҚШ-тың мойындауы.

  • Луганск, Донецк, Херсон және Запорожье облыстарының басып алынған бөліктеріндегі де-факто бақылауды ресми тану.

  • Украинаның НАТО-ға қосылмауы туралы кепілдік. Дегенмен, Украинаға ЕО-ға кіруге рұқсат беріледі.

  • 2014 жылдан бері салынған санкциялардың алынуы.

  • АҚШ-пен энергетика және өнеркәсіп салаларында кеңейтілген экономикалық ынтымақтастық.

Украина үшін ұсынылған артықшылықтар:

  • Халықаралық қауіпсіздік кепілдіктері, олардың ішінде Еуропа елдері мен басқа одақтастар бар. Алайда АҚШ-тың тікелей қатысы немесе бітімгерлердің нақты форматы белгісіз.

  • Ресейден Харьков облысының бір бөлігі қайтарылады.

  • Днепр өзенімен еркін қозғалу құқығы.

  • Қалпына келтіру үшін өтемақы мен көмек, бірақ бұл қаражат қайдан алынатыны нақты көрсетілмеген.

Келіссөздер жалғасып жатыр және біз дұрыс бағытта келе жатырмыз деп үміттенеміз, – деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт.