Live

Атырауда мектеп мұғалімі қаза тапты

Атырауда №16 мектептің 58 жастағы мұғалімі қаза тапты. Оқиға туралы хабар полицияға түнгі сағат 03:30 шамасында түскен.

қылмыс

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай тұрмыстық жанжал кезінде болған.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл факті бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған.

62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

"Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды, - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тегтер: қылмыс
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз