Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:39, 10 Маусым 2022

Кітапқұмар жастар Қарағандыны түзей ала ма?

None
None

Көшесі тозған, тозаңы шыққан, желекке кенде-Қарағандыны қайтіп көркейтуге болады?

Оны түзету үшін қоғамға қанда қозғау салған жөн?  Осы түйтікілді шешуге жастарды жұмылдыруды пайымдаған Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы библиофотокросс ұйымдастырды. Мақсат- көпшілікті кітап оқуға тарту арқылы қаланың қатпарлы проблемасын көрсету.

-Сайысатын командалар  «Табысты адам-оқитын адам», «Кітап. Табиғат. Қарағанды» деген тақырыптар бойынша креативті фотосуреттер түсіруі қажет. Объективке алынатын суреттер автордың ақыл-ой мен қиялының деңгейіне байланысты болмақ. Баршамызға белгілі, бүгінде кеншілер шаhарындағы танымал тұлғаларға қойылған кейбір ескерткіштер зардапқа ұшыраған, көшелердің тазалығы сын көтермейді, бұрын жаз шыға  төңірегі гүлге көмкерілетін  Қарағанды,  ендігі әсем  гүл мен жасыл желекке жұтап тұр. Байқауға қатысушылар осы актуалды проблеманы ашып көрсетуі тиіс,-дейді кітапхана директоры Дина Базарбаева.

Тұңғыш фотокросқа қатысуға бұл жолы Қарағанды қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері ниет білдірген. Талап бойынша шараға 18 бен 30 жас аралығындағы жастар тартылады.

-Мұндай жарыстар шығармашылық шабытыңды ашып, білім көкжиегіңді сынға салады. Алдымен ой ұтқырлығың болу қажет. Білімді болу үшін-әлбетте, көп кітап оқу керек. «Кітап-серігің» деген пәлсафаның жаны бар. Ақылың асса, ұшқырлығын жеңеді дегенді осы жолы шынай түсіндік.  Бұл зияткерлік байқаудың арқасында замандастарымыз керемет туындыларды суретке түсірді. Бастысы-біз қазылар алқасының талғамынан шықтық. Менің ойымша,  кітаптан алған білімнің арқасында жеңісті бағындырдық,-дейді  бас жүлдені иеленгенҚарағанды политехникалық колледжінің «Құтқарушылар» командасының көшбасшысы Дәуіт Жанболат.

Руханият ордасы ұйымдастырған қалалық фотокросс байқауының жүлдегерлеріне және ынталандыру сыйлығын иеленгендер мен номинанттарға  облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тіккен ақшалай сыйлық берілді.

Айта кету керек, соңғы кездері  жастар арасында  кітап оқуға бет бұрушылар легінің көбейе бастауы кітапхана қызметкерлерін қуантып отыр.

 

Тегтер: