Қызылорда 6 жастағы баланы зорлады деген күдікпен 9 сынып оқушысы қамауға алынды
Қызылорда қаласының №282 мектептің 9 сынып оқушысы қамауға алынды. Жасөспірім 6 жастағы баланы зорлады деп айыпталуда, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Оқыс жағдай 10 ақпан күні орын алған. 9 сынып оқушысы 6 жастағы балаға зорлық әрекеттерін қала орталығында жасаған. Күдікті тәртіп сақшыларынан жасырынуға тырысыпты. Арнайы бейнебақылау камераларының көмегімен қолға түсті. Қазіргі күні қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
"Күдікті қазір қамауға алынды. Қылмыстық іс толықтай менің бақылауымда. Тиісті сараптамалар тағайындалды Өзге де ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді", - деп мәлімдеді Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығы Айдар Қасанов.
Белгілі болғандай, күдікті толық емес отбасында тәрбиеленген. Жасөспірім осы уақытқа дейін де теріс әрекеттерімен көзге түскен екен.
Айнұр Төлешова