Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:51, 16 Қыркүйек 2024

Қызылорда облысында заңсыз берілген 90 млн теңге субсидия кері қайтарылды

в
Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысында заңсыз берілген субсидиялар қайтарылды.

Қызылорда облысының прокуратурасы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бюджет қаражатын пайдалану заңдылығын тексерді. Нәтижесімен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген субсидияларды негізсіз беру фактілері анықталды, делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде негізсіз 47 шаруашылыққа берілген 90 млн теңге субсидия мемлекетке кері қайтарылды.