Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:47, 30 Шілде 2024

Қызылордада газ баллоны жарылып, 4 жасөспірім зардап шекті

1

Қызылорда қаласына қарасты Әл - Фараби шағын мөлтек ауданында газ баллоны жарылып, нәтижесінде 4 жасөспірім зардап шекті.

 Денелерін әртүрлі деңгейде күйік шалғандар бүгінде облыстық көпбейінді балалар ауруханасының "Жансақтау" бөлімінде жатыр. Орын алған төтенше жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Төтенше жағдай кешкі уақытта жер үйлердің бірінде орын алған. Сол маңдағы тұрғындар дереу өрт сөндірушілерге хабар беріп, құтқарушылар келгенше алапат жалынды өз күштерімен сөндірмек болған. Газ баллоны жарылуынан 4 бала зардап шегіп отыр. Белгілі болғандай, олар 9 сынып оқушылары. Бүгінде төтеншеліктер оқыс оқиғаның себептерін анықтауда.

1

"Зардап шеккендер Қармақшы ауданы Ақжар ауылдық округінің оқушылары. Қызылорда қаласына ата - аналарыңсыз суға түсеге келген. Өздері пәтер жалдаған. Бүгінде біз анықтау жұмыстарын жүргізудеміз", - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық ТЖД бастығының орынбасары Нұрсұлтан Ибрагимов.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір жасөспірімдердің өміріне қауіп жоқ. Дегенмен денелерін қатты күйік шалған, әсіресе қыздардың жағдайы аса күрделі. Осы жағдайға байланысты құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 292 бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тегтер: