Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:16, 30 Қыркүйек 2024

Қызылордада пара берген имам жұмыстан қуылды

в
Фото: culture.ru

1 миллион теңге көлемінде пара бермек болған имам Талғат Нұрман «Ыбырай молда» мешітінен жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Nege.Aqsha хабарлады.

«Ыбырай молда мешітінің имамы Нұрман Талғат Нұрманұлы ҚМДБ-ның қаулысымен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оңалтуға жатпайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылуына байланысты қызметінен босатылды. Нұрманның ҚМДБ жүйесінен босатылғаннан кейінгі жұмыс орны мен қызметі туралы бізде мәлімет жоқ», - деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы басылым жолдаған сауалға.

Тамыз айында мешіттің бұрынғы имамы Талғат Нұрман мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері Серік Әбілқайыров жемқорлық үшін сотталған болатын. Нұрман «имам деструктивті діни ағымдарды жақтаушылардан ақша алады және екі әйел асырайды» деген күдікке қатысты тексеруден құтылу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органының қызметкеріне 1 миллион теңге берген.

Сот Нұрманды пара беруге әрекеттенгені үшін кінәлі деп таныды, бірақ оны қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Жазда үкім шығарылды.

Сондай-ақ мүфтият бұрынғы имамның әйелдерінің саны мен оның деструктивті ағымдармен байланысы туралы ақпаратты растамады, мекеме қызметкерлердің жеке өміріне араласпайтынын айтқан.