Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:48, 13 Қараша 2023

Қызылша қалай жұғады және оған қарсы екпе алу міндетті ме

қызылша
Фото: из открытых источников

Соңғы кездері елімізде қызылша дерті өршіп тұр. Жалпы қызылшамен ауырғандар саны жыл басынан бері 12 мыңнан астам адамды құрады. Оның 10,5 мыңы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Қызылша жұқтырған балалардың 70 пайызы вакцина алмаған. Бес мыңнан астам баланың ата-анасы екпе алуға рұқсат бермей, егілмеген. 

Қызылша қалай жұғады?

Вирус ауа тамшылары арқылы сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейімен сыртқы ортаға тарайды. Төртінші күні көзі бөртіп ауырып жүрген адам инфекцияны таратушы көз деуге болады. Бесінші күннен бастап вирус адамға жұқпайды. Ауырып, жазылған адамда өмір бойы қызылшаға қарсы иммунитет сақталады.
Кезінде қызылшамен ауырған әйелден туған бала үш айға дейін бұл ауруға шалдықпайды, өйткені сәбидің бойында анасынан берілген ауруға қарсы денелер, яғни антитела уақытша сақталады. Қызылшамен ауырмаған және оған қарсы вакцина алмаған адам кез келген жаста вирусты жұқтырып алуы мүмкін.

Қызылшаның алдын алуда тиімді де сенімді шаралардың бірі – вакцина алу

Қызылшадан егілу сақтану иммунитетін қалыптастырады. Бірінші екпе бала 1 жаста, екінші екпе бала 6 жаста болғанда жүргізіледі. Екпе 15 жыл бойы тұрақты, сақтау тиімділігін қамтамасыз етеді. Қызылша пайда болса, ауырған адам болған инфекция ошағында, ұжымда эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі. Инфекция ошағында күн сайын аурумен қарым-қатынаста болған адамдарды тексеріп, термометрия жүргізеді. Жұқтырған адамдар болса, дереу оқшаулайды. Қызылша, қызамыққа және шошқа мойынға (ҚҚП) қарсы екпе бұл аурулардан сақтайды.