Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:03, 09 Қараша 2023

Көгілдір отын – көпшілікке

газ
Фото: из открытых источников

Қыс келіп, жылыту маусымы басталғаннан-ақелдегі көп ауылғаотын бағасыныңшарықтап,көк түтінніңкөзіңді байлап,қолқаңды қабатыныүйреншіктіүрдіске айналған.Осындайәрі әлеуметтік, әрі экономикалық, әрі экологиялық бірқатар мәселені аттап өтудің бірден-бір жолықатты отынды табиғи газбен алмастыру.

Өткен жылы Жетісу облысына барған сапарында мемлекет басшысы 2025 жылға дейін өңірдегі көгілдір отынды жеткізу жұмыстарын толық аяқтауды тапсырған еді. Содан бері облыс орталығынан бастап, алыс аймақтардағы елді мекендерге дейін газ желісін тарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Тек Көксу ауданының өзінде биыл Балпық би, Теректі, Мұқыры, Еңбекші, Бесқайнар, Жамбыл, Мәмбет ауылдарына газ құбырлары жеткізіліп, 5 мыңнан астам абонент газға қосылуға мүмкіндік алған. Жақында осы тізімдегі сегізінші ауыл болып 2000-ға тарта тұрғыны бар Мұсабек ауылы көгілдір отынмен қамтылды. Ауыл тұрғындары табиғи отынның келуіне орай салтанатты рәсім жасап, газ алауын жақты. Ауыл тұрғыны, «Күміс алқа» иегері Алтыншаш Мұташева үйіне газды тегін қосып берген мердігер «Алматы Production Construction & Invest» ЖШС компаниясы қызметкерлеріне алғысын білдіріп, игі іске атсалысқан азаматтарға ақ батасын берді.

Күлмән Болтаева, ауыл тұрғыны

  • Газ дегенің бір жағынан үйіңді жылытса, бір жағынан тамағыңды пісіреді. Бұдан артық не керек?От жағып, күл шығаруоңай шаруа емес. Одан қалды отын дайындаудыңдамашақаты өз басына жетіп артылады.Газдың бағасы отыннан гөрі тиімдірек.Жағдайлары төмен отбасыларға газ құбырын тартқан компаниялар демеушілік көрсетіп, өз қаражаттарына газ құбырын орнатып беруде.Осындайауданнаналысорналасқан мекендерге газ жеткізіліп жатқандығы қуанарлық жағдай.

Қазіргі уақытта ауылдағы құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, халық көгілдір отынның игілігін көре бастады. Келесі жылдың соңына дейін Көксу ауданында газға қосылуға жататын 12 ауылға толықтай газ құбырларын тарту жоспарланып отыр. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, 2025 жылға дейін Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі елді мекендер толықтай газдандырылса, 2030 жылға қарай өңірдегі 192 елді мекен 100% газбен қамтылып, табиғи отынға қол жеткізбек.

Мұсабек ауылының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Төлеубек Қоңқақов

  • Біз газдың қосылуын көптен күттік. Бүгін, міне, сол күнге де жетіп отырмыз. Елге адал қызмет етіп жүргеназаматтарғаалғысымыз шексіз.Қазір ауылымызда көшелерге асфальт төселіп, жарықтандырылған, заманауи медпункт, мектептер, спорткомплекстер салынып жатыр. Осылай ауылдың жағдайын жасайтын болсақ, жастар қалаға сабылмай, ауылды өркендетуге үлестерін қосар еді. Қазірдің өзінде ауылшаруашылығымен айналысып, тары-талқан жасап, қысы-жазы қымыз сатып, ісін дөңгелетіп жүргендер көп.

   Қосқанат Бауыржан