Бүгін, 10:15
Қоқыс жәшігінен табылған мәйіт: Ақтөбедегі қылмыстың мән-жайы ашылды
Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласынан ер адамның мәйіті табылды.
Оқиғаға байланысты полиция жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні анықтап, қолға түсірді.
Алдын ала деректерге сүйенсек, күдікті мен марқұм бірге спирттік ішімдік ішкен. Сол кезде олардың арасында жанжал туындап, күдікті ер адамға бірнеше рет пышақ жарақатын салған.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.