Көкпен тілдескен түркі жұрты

Ресейуфологтары адамзат дамуында ерекше орын алатын еліміздегі Тамғалы археологиялық кешеніне байланыстықызықты пікір айтып отыр.
Олардың айтуынша, жартасқа шекілген «күн басты»бейнелер өзге планетадан келген жат жұрттықтардың суреті. Шындығында жартастқа бәдізделген«күн басты» пішіндер жекелеген және көп пішінді композиция түрінде берілген. Уфологтаросы аймақты мекен еткен көне түркі жұрты жат жұрттықтармен байланысқа түскен дегенпікірде. Соның әсері түркі суретшілерінің осындай кейіпте тасқа суреттер қашауынатүрткі болған. «Түркілердің адамзат дамуының алғашқы кезеңінде бірінші болып, темірөндіріп, оны өңдеп, тұрмыстық құралдар жасауына да сол көктен түскендердің ықпалыболуы әбден мүмкін» деседі уфологтар. «Тасқа шекілген спиралға ұқсас таңбаларғақарап отырып Құс жолын байқауға болады. Қазіргі құс жолына байланысты жасалған картаменәлгі суреттердің арасында қатты ұқсастық бар. Демек, аспан әлемін зерттеуді түркілербірінші қолға алған», – дейді АҚШ зерттеушісі ДжозефП. Скиппер. Енді осы «тамғалы тас» деген атқа ие болған кешенге байланыстыбұған дейін айтылып, қатталған деректерге көз салайық.
Тамғалы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 шақырым жерде, Алматы облысыныңЖамбыл ауданына қарасты Қарабастау ауылында Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығысбөлігінде орналасқан. 1957 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология жәнеэтнология институтының экспедициясы «Қазақстанның археологиялық картасы»бағдарламасы аясындағы барлау жұмыстарының барысында ашылған. Қола дәуіріне тәнбейнелер мен сюжеттер негізінен «күн басты» және «дәстүрлі киім» үлгісісипатында. Таңбалы археологиялық кешені Орта Азияда кең тараған антроморфтыбейне күн шапақты бет перде киген пішіндердің көптігімен ерекшеленеді. Суреттердіңтолық бір топтамасы антроморфты бейнеде жануарлар кейпіндегі бет перде киіп, аңтерісін жамылған. Дәстүрлі және ғұрыптық үлгідегі киіну салтының бейнеленуіОрта Азия бойынша мерзімделу шеңбері б.з.б. 3-мыңжылдықтың басы мен2-мыңжылдықтың ортасына сәйкес келеді. Олар сонымен бірге ерте темір дәуірініңафанасьев, окунев мәдениеттеріне жақындығымен, Солтүстік және Орта Азияныңдалалық аймақтарының мәдениеттерімен (андрон мәдениеті, қарасұқ мәдениеті,т.б.) ұқсастығымен ерекшеленеді. Таңбалы археологиялық кешенінде қола және ертетемір дәуірлеріне, ортағасырлар мен «жаңа заманға жататын қоныстар, қорымдар,құрбандық орындары және петроглифтер» сияқты 100-ге тарта ескерткіш орындарыбар. Шағын аумаққа шоғырланған ескерткіштер осы өңірді мекендеген көптеген көнетайпалардың 3 мыңжылдық тарихын қамтиды. Кешеннің негізгі өзегі шатқалдағы3000-ға жуық петроглифтер. Кей зерттеушілер петроглифтердің ең көнелері б.з.б.2-мыңжылдықтың ортасында, кейбірі ерте темір дәуірінің басында, сондай-ақ қоладәуірінде пайда болған деген тұжырымдар айтады. Бұл суреттер осы тауды киелісанап, мәдени ғұрыптық орынға айналдырған қауымдарға тәу ету, ғұрыптықжоралғылар өткізу кезінде алыстан көрінуі үшін таң атқаннан күн батқанға дейінкүн сәулесі түсетін жартастардың ұшар биігіне салынған. Тамғалы археологиялықкешені – 2004 жылы өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени-археологиялық жәнетабиғи мұра комитетінің 28-ші сессиясында ЮНЕСКО-ның комитет мүшелерініңбірауыздан қолдауымен Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енгізілген ОртаАзиядағы жартастағы өнердің бірінші ескерткіші. Міне, нақты деректер осылай сыршертеді. Ал Ресей уфологтары мен АҚШ зерттеушісі жоғарыдағыдай пікір айтады.Әрине, көне заман суретшілері қиялында көрініс тауып, тасқа қашалған бейнелер анықтапқараған адамға скафандр киген ұшқыштарға ұқсайтыны рас. Осыған қарап уфологтарайтқан пікірде жан бар ма деп те қаласың. Сондай-ақ оқымыстылар Тамғалыкешенінен басқа, Алтайдан табылған, зерттеу бойынша 4-5 мың жыл бұрын тасқа қашалғанскафандр киген пішіндер мен бұдан үш мың жыл бұрын Тибет тауларындағы жартастарғасалынған ұшатын тарелкеге ұқсас суреттер және бұдан мың жарым жыл бұрын Америкақұрлығында өмір сүрген мая тайпасы адамдары жерленген табыттардағы ғарыш кемесінеұқсас сызбалар, сондай-ақ Сахарадан табылған бес мың жылдық тарихы бар көне суреттегіскафандр киген адам пішіндес суреттердің барлығының түбі бір деседі.
Нұрсұлу Мырзабекова
201мектеп-гимназия мұғалімі
Алматы қаласы