Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:17, 23 Мамыр 2019

«Көкжиекте» Роза Мұқанованың шығармасы талқыланды

Жақында әл-Фараби атындғы ҚазҰУ-дың филология және әлемтілдері факультетіндегі «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубындакезекті оқырмандар конференциясы өтті.

Талданған шығарма — Роза Мұқанованың«Сарқаншық» әңгімесі. Көрнекті прозаик Роза Мұқанованың шығармашылығыбойынша слайд көрсетіліп, «Сарқаншық» әңгімесінің тарихы жәнемәтіннен үзінділер келтірілді.

Қазақ әдебиетіндегі анималистік проза мәселесі жөніндебасталған болашақ әдебиеттанушылар арасындағы әдеби-танымдық әңгіме «Сарқаншық»әңгімесінің тақырыбы, идеясы, көркемдік-стильдік ерекшеліктері жөніндежалғасты. Әрбір студентке өз ой-пікірлерін ортаға салуға мүмкіндік беріліп, мәтінненүзінді келтіріп отыру талап етілді.

Осы шығармадағы қазақ үшін жеті қазынаның бірі саналатыниттің адамдардан жапа шегіп, қиналса да, адамдарды қимауы, олардың ортасынанкете алмауы оқырманға үлкен ой салады. Дүниедегі барлық нәрсенің обалы болатынытуралы авторлық идея, Сарқаншықтың тектілігі мен тазалығы, ит-адам параллелісияқты маңызды идеялардан туындайтын, оқырманды терең ойға жетелейтін астарлымазмұн студенттерге ерекше әсер етті, ой салды. Әдеби-танымдық мәжіліс жасфилологтар үшін пайдалы болды.

                       Л.Мұсалы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушысы

Тегтер: