Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:39, 10 Қаңтар 2023

Көлікті ағаш түбіне қалдырмаңыздар! ТЖД алматылықтарға үндеу жасады

None
None

Алматыда 10 қаңтарда таңертең және түстен кейін қалың қар жауып, тұман, көктайғақ болады, — деп хабарлайды Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Ведомство өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына, автокөлік иелеріне ескерту жасады.

«Азаматтарды таулы жерлерге бармауды, 112 қызметінің СМС-хабарламаларын, БАҚ-тағы ақпаратты: теледидарды, радионы назардан тыс қалдырмауды сұраймыз. Автокөлік иелеріне ағаштардың, электр желілерінің және басқа да ілулі құрылымдардың астына көліктерін қоймауға кеңес береміз. Қауіпсіз орын табыңыз, арнайы тұрақ орындары болса тіптен жақсы», — делінеді хабарламада.

Тегтер: