Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:11, 05 Қаңтар 2024

Қолма-қол ақшаны талап еткен сатушыларға айыппұл салынбақ

каспи
Фото: из открытых источников

Салық қызметінің мамандары қолма-қол ақша төлеуді талап еткен кәсіпкерлерге айыппұл салынатынын баса айтып, сұрақтар туындаса әрдайым дайын екендерін жеткізді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Қолма-қол ақшасыз төлемдерден бас тартқаны үшін (карта немесе QR) алдымен ескерту, содан кейін шамамен 150 мың теңге айыппұл салынбақ.

Қазақстанда 2024 жылдың қаңтарынан бастап бизнес жаппай қолма-қол ақша төлеуді талап ете бастады. Бұл әмиянсыз сатып алуға үйреніп қалған қазақстандықтардың наразылығын тудырғаны рас.

"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңның нормалары банк картасымен, QR-төлеммен немесе қолма-қол ақшамен төлеу тәсілдерін көздейді (25-бап), деп атап өтті ведомствода.

"Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған: бірінші рет ескерту, қайталап бұзған жағдайда - 147 680 теңге (40 АЕК*) мөлшерінде айыппұл салынады", - деп нақтылады мемлекеттік кірістер комитеті.