Бүгін, 09:43
Колумбияда 100-ден астам әскери қызметкер отырған ұшақ апатқа ұшырады
Колумбияның Әуе күштеріне тиесілі Hercules C-130 әскери ұшағы елдің оңтүстігінде апатқа ұшырады.
Ұшақ бортында 100-ден астам әскери қызметкер болған.
Caracol радиостанциясының мәліметінше, елдің қорғаныс министрі Педро Санчес X әлеуметтік желісінде апат болғанын растаған. Алайда ұшақтағы адамдардың нақты саны көрсетілмеген.
Министрдің айтуынша, апат орнына әскери қызметкерлер жіберілген. Қазіргі уақытта құрбандар саны мен апаттың себептерін нақты анықтау мүмкін болмай отыр.