Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:15, 01 Қыркүйек 2023

Конференция лигасы: «Астана» топтық кезеңге шықты. «Тобыл» жарысты аяқтады

None
None

31 тамызда Конференция лигасы іріктеу турнирінің плей-офф кезеңіндегі қарымта ойындар өтті.

 

Бұл кезеңде Қазақстан атынан екі команда - «Астана» мен «Тобыл» бақ сынады. 

Елордалық клуб сырт алаңда албаниялық «Партизанимен» 1:1 есебімен тең ойнады. Бір апта бұрын Астанадағы алғашқы ойында алаң иелері 1:0 есебімен жеңген. Соның арқасында қос ойын қорытындысында «Астана» 2:1 есебімен жеңіске жетіп, Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.

Конференция лигасы. Плэй-офф кезеңі. Қарымта матч.

«Партизани» (Тирана, Албания) – «Астана» (Қазақстан) – 1:1 (1:0)

Голдар: Бинтсука (1:0), Томасов 46 (1:1)

Төреші: Битиген (Түркия)

31 тамыз. Тирана. «Эльбасан» стадионы.

Өкінішке орай, екінші командамыз, қостанайлық «Тобыл» жарыс жолын аяқтады. Биылғы еурокубокты бірінші айналымнан бастап, плей-офф кезеңіне дейін жеткен қостанайлықтарға жанкүйер қауымның өкпесі жоқ. «Тобыл» қолынан келгеннің бәрін жасады.

Чехияның даңқты клубы «Виктория Пльзеньге» қостанайлық «Тобылдың» шамасы жетпеді. Қарымта ойындағы нәтиже - 3:0.

Конференция лигасы. Плэй-офф кезеңі. Қарымта матч.

«Виктория Пльзень» (Чехия) — «Тобыл» (Қазақстан) — 3:0 (1:0)

Голдар: Хоры 32 (1:0), Дуросинми 59 (2:0), Траоре 90+3 (3:0)

31 тамыз. 2023, 23:00. Пльзень, «Дусан Арена»

Тегтер: