Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:17, 05 Қыркүйек 2024

Конституциялық Сот бейбіт жиналыстарды өткізу туралы заңды қарайды

а
Фото: dorinvest.ru

Конституциялық Сот бейбіт жиналыстарды өткізуге шектеулердің Конституцияға сәйкестігін тексереді.

Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның 11-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларының және 14-бабы 1-тармағының 10) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады. 

 Даулы нормаларға сәйкес, егер болжамды уақытта және таңдалған жерде басқа ресми немесе бұқаралық іс-шаралар жоспарланған болса немесе құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілсе, жергілікті атқарушы органдар бейбіт жиналыстар өткізуден бас тартуы мүмкін. Сонымен қатар, уәкілетті органдарға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің үздіксіз жұмыс істеуін және инфрақұрылым объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырушыларға жиналыстың орнын немесе уақытын өзгертуді ұсыну құқығы беріледі, делінген хабарламада.