Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:34, 25 Шілде 2019

Көп адам іштен тынып жүр

Дәл қазір

Көп-көп адам,

Көп адам

Іштен тынып жүр.

Долы қуатын,

Бұла қайратын,

Сұрапыл сөздерін

Сыртқа шығармай

Тығып жүр.

Іштен тынып жүр.

 

Мына өмірде

Біреулердің асқаны,

Біреулердің тасқаны,

Біреулердің қорлығы,

Біреулердің зорлығы,

Біреулердің аузынан

Нанын тартып алғаны,

Біреулердің мойнына

Бұтын артып салғаны,

Біреулердің — ақ әділ! -

Үнін құртып жатқаны,

Біреулердің — қастерлі! -

Тілін қырқып жатқаны

Шыдатпай бара жатса да

Түптің түбі — ертең-ақ! -

Келеді деп кезек бір

Өз-өзіңе құрық сап,

Өзін-өзі тежеп жүр.

 

Олардың намысы -

Ертең-ақ!

Жарқ етіп шығамын деп

Қылыш боп

Қайралып жатыр

Олардың ашу мен ызасы -

Ертең-ақ! -

Бұрқ етіп жарыламын деп

Оқ — дәріге

Айналып жатыр ...

Көп-көп адам,

Көп адам

Іштен тынуда!

Фото:  talkypic.com

 

Тегтер: