Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:12, 29 Шілде 2020

Коронавирус жұқтырғандар екі есеге азайды

Шымкентқаласында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдей бастады. Өткентәулікте 54 вирус жұқтырғандар тіркеліп, өсім 1,2 пайызды құраған.

Осы айдыңбасындағы көрсеткіштермен салыстырғанда екі есеге төмендеген. Бұл туралыШымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Үкімет отырысында мәлімдеді.

–Бүгінгі күнге Шымкент қаласында COVID-19 вирусын жұқтырған азаматтардың саны 4708 құраса, оның ішінде 2 938 азамат емделіп шықты. Маусым айының алғашқы бескүнінде 84-100 вирус жұқтырғандар немесе өсімі 2,5-3 пайызды құраған болса,өткен тәулікте 54 вирус жұқтырған адам тіркелді. Осы айдын басыменсалыстырғанда екі есе төмендегені байқалады, — деді қала әкімі.

Қалаәкімінің айтуынша, жедел жәрдем шақыру 43 пайызға азайып, стационарларда емалушылардың саны 56,9 пайызға төмендеп отыр. Сонымен қатар, ол қалада бастапқымедициналық санитарлық көмек көрсету жұмыстары күшейтілгенін атап өтті.Мәселен, Шымкентте қосымша 197 мобильді бригада құрылып, 16 мыңға жуық науқасқаүйге арналған стационарлық қызмет көрсетілген. Сонымен бірге 45 074 азаматқамобильді бригада қызметтері арқылы үйлеріне дәрі-дәрмек жеткізілген.

Тегтер: