Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:53, 21 Сәуір 2020

Коронавирус жұқтырғандар Ресейде елу мыңнан асты

None
None

Коронавирус жұқтырғандар Ресейде 50 мыңнан асты. Бұл ақпаратты Ресейдің коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады.

Азаттықтың Орыс қызметі — "Радио Свободаның" жазуынша "Коронавирус жұқтырғандардың нақты саны 52 763, оның 29 мыңнан астамы Мәскеуде".

Эпидемия басталғалы Ресейде 456 адам өлген (51-і бір тәулікте), 3 873 адам сауығып шыққан.

Коронавирус Ресейдің барлық аймағына тараған. Мәскеуден кейін Мәскеу облысы (5 959), Санкт-Петербург (1 973), Нижегород облысы (860), Коми Республикасы (507) тұр.

Роспотребнадзордың мәліметіне қарағанда, Ресейде 21 сәуірге дейін 2,14 миллион тест жасалып, коронавирус бар-жоғы тексерілген (тәулігіне +90 мың тест).

Жедел штаб "коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 45 пайызынан астамында ауру белгілері байқалмаған" деп көрсеткен.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: