09:24, 22 Қараша 2021
Коронавирусқа қарсы ревакцинация басталды
Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында коронавирусқа қарсы ревакцинация басталды.
Ол қалай өтетінін және бірінші кезекте екпені кімдер салдыратынын Sputnik Қазақстаннан оқыңыз.
Ревакцинация – бұл коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын алу. Кейде «бустерлік вакцина» термині қолданылады, яғни тағы біреу, қосымша деген мағынаны білдіреді.
Әдетте бустерлік екпе ретінде кәдімгі вакцинаның толық немесе жарты дозасы қолданылады.