Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Бұл туралыақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкентқалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы ТимирханВарзилов мәлімдеді.
Оныңайтуынша, дертінен сауыққандардың басым бөлігі егде жастағы азаматтар.
«Шымкент қаласында 2020 жылғы 30 шілдедегіжағдай бойынша коронавирустың 4839 жағдайы тіркелді. Оның 2364-і симптомсызболып анықталған. Бүгінде инфекциядан жазылып шыққан науқастардың саны 3006-ғажетіп отыр. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілгенхаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде»,-деді Т. Варзилов.Айта кетейік, бүгінгі күні емханалар жанынан құрылған мобильді бригадалар саныартып, 211-ді құраған. Мобильді бригада мамандары үйде 16 382 пациентке қызметкөрсетіп, 47 945 адамға дәрі-дәрмек жеткізіп берген.