Қостанай облысында жоғалып кеткен әже мен немеренің денесі табылды

Қостанайға барып азық-түлік сатып алмақшы болып, жоғалып кеткен әжесі мен немересінің мәйіті ауылдың шетінен табылған, деп хабарлады Zhasalash.kz.
Қостанайға барып азық-түлік сатып алмақшы болып, жоғалып кеткен әжесі мен немересінің мәйіті ауылдың шетінен табылған, деп хабарлады Zhasalash.kz.
68 жастағы әйел мен 11 жастағы қыз 2023 жылдың 26 желтоқсанында таңертең Степное ауылынан шығып, үйіне оралмаған соң іздеу жарияланған. Олар Қостанайға барып азық-түлік сатып алмақ болған.
Полицейлер із-түзсіз жоғалған әжесі мен немересін табу үшін дереу іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Іздеу жұмыстарына 120-ға жуық адам мен алты техника жұмылдырылды.
«2023 жылы 27 желтоқсанда сағат 12-лер шамасында Степное ауылының шетінен жоғалған адамдардың мәйіті табылды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - деді Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.